Алматыда COVID-19-ды анықтауға арналған жетінші зертхана ашылды

644

Модульдік кешен жоғары технолгиялық 42 медициналық құралмен жабдықталған. 

Алматыда COVID-19-ды анықтауға арналған жетінші зертхана ашылды

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасында жазды. 

"COVID-19-ды анықтау үшін күш салудамыз. Болат Өтемұратовтың қоры берген жоғары технологиялық зертхана ашылды. Жұмыссыздар, аз қамтылған және көпбалалы отбасының мүшелері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жоспарлы емдеуге жатқызылатын емделушілер және 50 жастан асқан, тыныс алу органдары мен эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен есепте тұрған науқастар, эпидемияға қарсы іс-қимылға қатысатын қауіп тобындағы адамдарға тегін тест жүргізіледі", – деді шаһар басшысы. 

Модульдік кешен күніне мың зерттеу жүргізуге қауқарлы. Алдағы уақытта тестер санын бес мыңға дейін арттыру мүмкіндігі көзделген. Зертханада ПЦТ сараптамалардың барлық кезеңі бойынша кешенді талдау жасауға болады. Сонымен қатар ол жоғары технологиялық 42 жабдықтан тұрады. Кешен жұмысын бірден бастап кеті үшін бастапқы кезеңде 30 мың тестпен қамтылған. Сондай-ақ, Ұлттық сараптама орталығының 16 маманы тартылған. 

"Кешенді жұмыс коронавирусты жаппай жұқтыруға тосқауыл болып, оның өршіп кетпеуіне және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді", – деп жазды қала әкімі. 

Еске сала кетсек, Алматыда осы уақытқа дейін 6 зертхана болса, бұл жетіншісі. Бұдан бөлек шаһар аумағында сынамалар алатын екі жылжымалы орталық жұмыс істейді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу