Алматыдағы COVID-19 сынамасын алатын жедел зертхана Halyk Arena спорт кешені аумағына көшті, деп хабарлайды StopCov/Almaty порталы.
Бұндай шешім қабылдауға әл-Фараби даңғылындағы көлік кептелісі мен автокөлік иелері үшін қолайсыздық себеп болған. Дегенмен жаяу жүргіншілер үшін қызмет көрсету жалғаса береді.
Қазір қажетті бұйымдардың жеткіліксіздігінен екі зертхананың да жұмысы уақытша тоқтап тұр. 23 маусым күні шетелден келуге тиіс жүк кешігуде. Сондықтан зертхана жұмысы 29 маусымда ғана іске қосылуы мүмкін.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу