Алматыда COVID-19 жұқтырған жеті науқастың жағдайы ауыр

1124

Ал емделу кезінде оң динамика байқалған екі науқас жансақтау бөлімінен шықты. 

Алматыда COVID-19 жұқтырған жеті науқастың жағдайы ауыр

Алматыда COVID-19 расталған жеті науқастың жағдайы ауыр күйінде қалып отыр. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарлады.

"Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханасында Алматы облысынан келген бір науқасты санағанда, коронавирус індетін жұқтырған 99 адам емделуде. 70 пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, 7 науқас ауыр халде, 22 науқастың (1 облыс) жағдайы орташа деңгейдегі ауыр", – деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар, бұған дейін ауыр халде жатқан 46 жастағы және 65 жастағы екі науқас сауыға бастаған.

"Екеуі де коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жан сақтау бөлімінде вирусқа және бактерияға қарсы ем-дом қабылдады. Сондай-ақ, келесідей емдік шаралары жүргізілді: оттегі терапиясы, инвазивті емес өкпені механикалық желдету, кеуде қуысының аппараттық діріл массажы", – делінген хабарламада.

"Емделу кезінде хал-жайының жақсаруы, ентігуі мен әлсіреуінің азаюы түріндегі оң динамика байқалған науқастар әдеттегі бөлімге ауыстырылды", – деп мәлім етті әкімдік таратқан баспасөз баянында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу