Алматыда далада түнеп жүрген студенттерге көмек берілетін болды

1743

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттер үшін арнайы жедел штаб пен бірыңғай байланыс орталығын ашты.

Алматыда далада түнеп жүрген студенттерге көмек берілетін болды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "далада түнеп жүрген" Алматы студенттерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Министрлік мәліметінше, өзге өңірлерде мұндай жағдай тіркелмеген.

"Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған арнайы жедел штаб жұмыс істейді. Баспанамен қамту бойынша студенттер тәулік бойы 8 778 655 60 83 байланыс телефонына хабарласа алады. Бұдан бөлек Ғылым және жоғары білім министрлігінің  1450 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді", -деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Әділет министрлігінің тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес беретін 119 (қалалық телефон) немесе 58-00-58 байланыс номеріне хабарласуға болады (Алматы, Астана).

Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу