Алматыда дәмхана өртенді

560

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.  

Алматыда дәмхана өртенді Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін таңертең Алматыда дәмхана өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін сағат 8:00-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы, көш. Розыбакиев, 274 жоғары ранг бойынша жұмылдырылды. Оқиға орнына 5 минутта жеткенде - 3 қабатты дәмхананың шатыры 30 ш.м аумағында жанып жатқанын анықтап, жақын маңдағы ғимараттарды сөндіру және қорғау үшін өрт оқпандары енгізілді.

Қосымша жіберілген өрт сөндіру бригадалары оқиға орнында, дереу автоцистерналар гидранттарға орнатылды, магистральдық желілер тартылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етілді. Өрт сөндіру сатысы орнатылды", - делінген хабарламада.

Өрт сағат 08:38-де оқшауланып, 08:47-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге барлығы 41 адам және 15 техника жұмылдырылды. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу