Алматыда дәмханадан өрт шықты

582

Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ.  

Алматыда дәмханадан өрт шықты

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"3 маусым күні сағат 11:05-те Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімдері Алмалы ауданы, Назарбаев көшесі 43/1 мекен-жайында өрт  шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 11:11-де  келген өрт сөндірушілер 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған 2 қабатты ғимараттың жертөлесінде орналасқан дәмханадан түтіннің  шыққанын анықтады. Ғимаратта адамдардың бар-жоғы анықталуда. Дәмхана тағам жеткізу қызметін жүзеге асырған. Оқиға орнында  ТЖД жеке құрамының 20 маманы, 5 бірлік техника және газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 тобы жұмыс істеуде", – деп хабарлады ТЖД. 

Қазіргі кезде нысан электр қуатынан ажыратылады. Өрт ошағы анықталып, оның таралу қаупі сейілді. Кейін белгілі болғаны өрттің аумағы  10 шаршы метр болған. Тілсіз жау 24 минутта ауыздықталған. Жарақат алғандар мен қайтыс болгандар жоқ. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу