Бейнекамераға ағаш құлаған сәт түсіп қалған. Қонақтар үлкен бұтақтар құламас бұрын қашып үлгерген. Видео авторының айтуынша, жолдан өтіп бара жатқан адам қонақтар мен мейрамхана қызметкерлеріне ағаштың құлайтынын ескертіп үлгерген.
Алматы әкімдігі 25 мамырда сағат 22:15-те құтқару қызметіне Абай даңғылы бойындағы, 21 мекенжайда "Акунин" дәмханасының жазғы алаңы аумағында ағаш құлағаны туралы хабарлама түскен.
"Маман қызметкерлі мен Медеу әкімдігі сараптама тағайындады. Қажетті жұмыстарды күндізгі уақытта жүргізуге шешім қабылданды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін таңғы уақытта төтенше жағдайлар бригадасының мамандары келіп, ағаштарды кесіп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.
Жұмысты төрт құтқарушы мен бір техника жүргізіп жатыр.