Алматыда дәретхана шұңқырына түсіп кеткен әже мен екі немересі қайтыс болды

853

Полиция департаменті қайғылы жағдайдың хронологиясын баяндады.  

Алматыда дәретхана шұңқырына түсіп кеткен әже мен екі немересі қайтыс болды

Алматының Наурызбай ауданында жеке тұрғын үйдің ауласындағы дәретхана шұңқырына әжесі мен екі немересі түсіп кетіп, қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 маусым күні кешкі уақытта орын алған. 

"Бізге бірнеше адам даладағы дәретханаға құлап кетті деген хабар келді. Бірден оның жоғарғы бөлігі алынып тасталды, кейін шұңқырға баспалдақ түсірілді. Бірінші болып полиция капитаны Мұрат Кәкібеков түсті. Тереңдігі шамамен 3 метр, ол 1,5 метр деңгейінде толтырылған. Олар ер адамның қолынан ұстап үлгерді, оны сүйреп шығарды. Капитан Мұрат Кәкібековтің орнына бірден полиция аға лейтенанты Мадияр Төлембаев келді. Ол бір жасар қызды тауып, шығарып алды. Бірақ, өкінішке орай, бала қайтыс болды", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Осы уақытта оқиға орнына құтқарушылар келіп, арнайы техниканың көмегімен шұңқырдан әйел мен 12 жасар баланың мәйіттерін шығарды. Ал Полиция құтқарған ер адам жедел түрде ауруханаға жатқызылды.

"Кешке қарай үйдің ауласында ойнап жүрген бір жасар қыздың байқаусызда даладағы дәретханаға түсіп кеткені анықталды. Мұны көрген оның 12 жасар інісі және 1955 жылы туған әжесі көмекке барған, содан кейін балалардың әкесі көмекке келген. Ол шұңқырға түсіп, балалар мен анасын сол жерден шығарып алуға тырысқан. Алайда, ол есінен танып қалған", – деп хабарлады Полиция департаменті.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу