Алматыда тағы бір өндіріс орны ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
“Мегаполисте заманауи дәрі-дәрмектерді жасап шығаратын биофармацевтикалық кешен құрылады. Жобаны жүзеге асыруға 11,1 млрд теңге жұмсалмақ”, – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта жоспарлау жұмыстары аяқталып, жобаны игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
“Биофармацевтикалық кешен келесі жылы іске қосылады деп күтілуде. 231 жұмыс орны ашылады” – деп жазылған әкімдік тарптқан хабарламада.
Бұған дейін қаланың индустриялық аймағында түрік инвесторларының қатысуымен екі зауыттың құрылысы басталғаны хабарланған болатын. Оның бірі 1,5 млрд теңге инвестиция салынған металл қоршаулар шығаратын зауыт, екіншісі 3,7 млрд теңге қаржы салынған сэндвич-панельдерін шығаратын кәсіпорын.