Алматыда дәрігерлер қамауға алынды

2080

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қамалды.

Алматыда дәрігерлер қамауға алынды

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері мен тағы бір дәрігер қамауға алынды. Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2 қыркүйекте Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен дәрігер Асқар Тұңғышбаев ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды. 22 қыркүйекте №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев та ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды", – деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу