Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға көзіне аса қауіпті жарақат алған науқас жеткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Металл бөлшегі науқастың көз алмасын тесіп өтіп, көз түбіне дейін жеткен.
– Оқиға көлік жөндеу барысында болған - ұшып кеткен металл сынығы тікелей көзге тиген. Офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гульзат Абдраимова бастаған мамандар тобы МӘМС аясында шұғыл ота жүргізді. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің арқасында көзден бөгде зат сәтті алынып, науқастың көру қабілеті аман қалды, – деп хабарлады ведомство.
Медицина мамандары темір және өзге қауіпті құралдармен жұмыс істеу кезінде қорғаныш көзілдірігін қолданудың маңызын еске салды.