Талғар ауданының 29 жастағы тұрғыны өзін "дәріхана курьері" ретінде көрсеткен.
Оның айтуынша, өзіне интернеттен "күнделікті төлемі бар дәріханалар желісінің курьері" деген сипаттамамен жұмыс тапқан.
"Шын мәнінде, жас жігіттің қылмыстық ісін зерттеу барысында белгілі болғандай, бұл жасырын іздеу жүйесіндегі бірінші ағын ғана. Әрі қарай жұмыс берушімен байланыс орнату үшін кодтарды пайдалану керек. Ұсталған күні курьер 29 доза есірткі қоюға тапсырыс алған. Алайда ол ұсталды. Қызғылт түсті ұнтақ заты бар байламдар сараптамаға жіберілді, қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған заттар психотроптық болып табылады. Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сол кезде ол бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан.