Алматыда дауылды ескерту жарияланды

373

Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту негізінде 18 мамырда Алматыда жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай күтілетінін хабарлады. 

Алматыда дауылды ескерту жарияланды Фото: google.com

"Қазгидромет" Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейетіні туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмауды ұсынады. Сондай-ақ, екпінді жел күшейген жағдайда мына шараларды ескеріңіз:

ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй ішінде болыңыз);

егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабу. Ашық балкондардан тұрмыстық заттарды алып тастау;

көшеде болсаңыз, ең жақын тұрғын үй кіреберісіне немесе дүкенге кіруге тырысыңыз;

билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттар, сондай-ақ үй қабырғалары маңына тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;

қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өмірге қауіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу