Алматыда дауыс беру қалай басталды?

855

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда дауыс берудің басталғаны туралы алғашқы ақпаратты Алматы қалалық референдум өткізу жөніндегі аумақтық комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Алматыда дауыс беру қалай басталды?

Спикердің айтуынша, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңға сәйкес бүгін таңғы сағат 06.00-де референдум учаскелері ашылып, таңғы сағат 07.00-де дауыс беру басталды. 

Әзірге ешқандай өрескел заң бұзушылықтар анықталған жоқ, барлығы жұмыс тәртібі бойынша өтуде.

"Бізде 1 126 854 алматылық сайлауға қатыса алады. Сондай-ақ 1 388 сырттай дауыс беру бюллетеньдері шығарылды. Кеше сағат 18.00-де олардың заңды беру мерзімі жабылып, көрсеткіш келесідей анықталды. Дауыс беру белсенділігінің біртіндеп артып келе жатқанын атап өткім келеді. Таңертеңгі сағат 07:00-де бірінші сайлаушылар келді. Оқиғаның қалай өрбитінін біз келесі брифингте бірінші келушілерді анықтаған кезде хабарлаймыз", – деді қалалық референдум өткізу жөніндегі аумақтық комиссияның төрағасы.

Сондай-ақ Жанна Асанова заң бойынша сағат 12.00-ге дейін өтініштер қабылданатындықтан, сағат 12.00-ден кейін қанша алматылық үйінде дауыс беретіні анықталатынын айтты.

 "Қаладағы барлық референдум өтетін орындар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустармен жабдықталған. Рас, екі учаске екінші қабатта орналасқан. Негізі, дауыс беру орталықтары жақын маңдағы шағын аудан тұрғындарының келуіне ыңғайлы етіп ұйымдастырылған. Мұны бірінші қабатта жасауға барлық жерде мүмкіндік жоқ. Бірақ комиссия мүшелері мен ғимарат әкімшілігінің өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандарға міндетті түрде көмектесетіні сөзсіз", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу