Алматыда демалыс күндері шектеу шаралары енгізілді

679

27-28 маусымда тек үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. 

Алматыда демалыс күндері шектеу шаралары енгізілді

Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен демалыс күндері барлық сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, фитнес орталықтардың қызметі тоқтатылады.

"Демалыс күндері қала тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне, дәріханаға барудан, медициналық қызмет көрсетуден немесе қызметіне рұқсат етілген жұмысқа барудан басқа шаруалармен үйден шықпауға, әсіресе тәуекел тобындағы қарт адамдар осы талаптарды орындауға шақырамыз", – деп жазылған хабарламада. 

Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне ашық алаңда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл ретте санитарлық нормалар қатаң сақталуға тиіс.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар ғана жұмыс істейді. Алайда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу