Алматыда Денис Тен атындағы халықаралық турнирі өтеді

736

Жастар мен ересектер жеке, жұптық және мұздағы спорттық би бойынша өнерлерін көрсетеді. 

Алматыда Денис Тен атындағы халықаралық турнирі өтеді

10-13 қазан күндері Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен атындағы халықаралық турнирі өтеді. Denis Ten Memorial Challenge "Халық аренада" ұйымдастырылады, деп хабарлайды Olympic.kz Халықаралық конькимен жүгірушілер одағына сілтеме жасап (ISU).

Жарысқа ISU-дің барлық мүшелері қатыса алады. Жастар мен ересектер жеке, жұптық және мұздағы спорттық би бойынша өнерлерін көрсетеді.

Турнирге өтініштер 19 қыркүйекке дейін қабылданады.

Жастар мен ересектер арасында қысқа бағдарлама жарыстың бірінші күнінде өтсе, жұптық және мұздағы спорттық бишілер Denis Ten Memorial Challenge турнирін қорытындылайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу