Бүгін Алматыда Денис Тен тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Назарбаев даңғылында орналасқан оның үйіне 200-ге жуық адам жиналды. Шараға мәнерлеп сырғанаудан танымал ресейлік жаттықтырушы, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық спорт шебері Татьяна Тарасова қатысты.
"Ерекше бала. (...). Мен оны жаттықтыруға әрдайым қуана баратынмын. Онымен жұмыс істеу бір ғанибет болатын", - дейді Тарасова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу