Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.
Алғашқы жарыс күнінде ерлер мен әйелдер және жасөспірімдер арасында қысқа бағдарлама аяқталды.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша жасөспірім қыздар арасында ресейлік Дарья Усачева көш бастап тұр. Бұл сында қазақстандық Ажар Жұмаханова алтыншы орында.
Жасөспірім ұлдар арасында ресейлік Даниил Самсонов көш басында. Қазақстандықтар Диас Жиренбаев пен Рахат Бралин тиісінше бесінші және алтыншы сатыға орналасқан.
Ал қыздар арасындағы сында Серафима Саханович (Ресей) бірінші орында. Қазақстандық Айза Мамбекова тоғызыншы орында келеді.