Алматыда Халықаралық VI цифрлық форум Digital Almaty 2024 өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылдың 1-3 ақпан аралығында Алматы қаласында жыл сайынғы Digital Almaty 2024 цифрлық форумы өтеді. Бұл форум алтыншы рет өткізілейін деп жатыр. Еуразиялық экономикалық одақтың Цифрлық күн тәртібі аясында Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшыларын біріктіреді. Digital Almaty өткен жылы 150-ден аса спикердің басын қосты. Олар IT-саланың, цифровизацияның, цифрлық майнинг, мемлекеттік басқару, білім және корпоративтік инновацияларды дамыту мәселелерін талқылады", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов.
Спикердің сөзінше, форум бірлескен жобалар мен интеграцияны құру үшін халықаралық алаңға айналды.
Алдағы Digital Almaty 2024 форумы "Х индустриясы: болашақтың цифрлық эволюциясы" тақырыбына арналады. Панельдік сессиялар аясында 200-ден аса спикер қатысады деп күтіліп отыр.