Алматыда домбыра-challenge өтті

700-ден аса адам бірігіп күйлер орындады.  

Алматыда домбыра-challenge өтті Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда домбырашылардың "Күй күмбірі" республикалық челленджі өтті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мерекелік алаңда мектердің, гимназиялардың, шығармашылық үйлердің  600 оқушысы, 70 педагог және 20 ата-ана орындаған домбыра үні күмбірледі.

Оркестрге дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Үкібай Дүйсен жетекшілік жасады. Домбырашылар Құрманғазының "Балбырауын", "Адай", "Сарыарқа" күйлерін орындады.

Домбыра-challenge мақсаты – жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, ойындарды ұлттық аспапта насихаттау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу