Алматының Бостандық ауданында дүкенге жапсарлас салынған дөнер дайындайтын дүңгіршек өртенді, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Департамент қызметкерлерінің айтуынша, өрт сенбіден жексенбіге қараған түні Марков көшесі 51-ғимаратта сағат 03:15-те басталған.
"Өрт сөндірушілердің алғашқы көмегі сағат 03:23-те жетті. Оқиға орнында жеке тұрған "Салауат" дүкеніне жапсарлас салынған дөнер дүңгіршегі өртенген. Өрт сөндірушілер өртті дер кезінде сөндірді", – дейді мекеменің ресми өкілі Сандуғаш Баймухамбетова.
Тілсіз жау 03:33-те тоқтатылып, 03:55-те толығымен сөндірілді. Өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Жапа шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу