Алматыда "Дос-Мұқасан" тобына арналған арт-нысан ашылады

319

Инсталляцияны ашу рәсімі 22 қазанда өтеді.

Алматыда "Дос-Мұқасан" тобына арналған арт-нысан ашылады Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобына арналған арт-инсталляция пайда болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа нысан Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы жаңартылған Масанчи көшесінде орналасқан.

Арт-нысанның басты ерекшелігі – интерактивті аудиожүйе. Арнайы батырманы басу арқылы келушілер топтың танымал әндерін тыңдай алады.

Металдан ерекше авторлық техникамен жасалған композиция 1967 жылы Алматыда құрылған музыкалық ұжым мүшелерінің жиынтық бейнесін көрсетеді. Инсталляцияның биіктігі – 1,8 метр, ені – 3,5 метр.

Арт-нысанның ашылу салтанаты 22 қазанда сағат 14:00-де өтеді. Бағдарламада музыкалық қойылымдар мен Meir BAND ансамблінің орындауындағы "Дос-Мұқасан" тобының танымал әндері бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу