Алматыда Досмұхамедов көшесінің бір бөлігі жабылады

415

Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС мәлім етті.

Алматыда Досмұхамедов көшесінің бір бөлігі жабылады Фото: almaty.tv

2023 жылдың 19 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Алматының Алмалы ауданында Досмұхамедов көшесінің бойымен Жамбыл көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта көлік құралдарының қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметінше, көше бойындағы көлік қозғалысы екі бағытта да жабылады.

Сондай-ақ аталған көше сегментінің жүріс бөлігімен өтетін құбырда жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіліп жатқаны айтылады.

"Сізден қолайсыздыққа түсіністікпен қарауыңызды және осы бөлімді айналып өту жолдарын алдын ала болжауыңызды сұраймыз", делінген "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу