Алматыда Достық үйі ашылды

871

Салтанатты жиын Тұңғыш Президент күні өтті.  

Алматыда Достық үйі ашылды

1 желтоқсан Алматыда қалалық Достық үйі ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Достық үйі еліміздің Тұңғыш Президенті күні ашылды. Бұл Алматыдағы этномәдени бірлестіктердің барлық өкілдері үшін үлкен маңызға ие. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудың бастауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Тұңғыш Президент ұлттық тарихқа деген құштарлық барлық қазақстандықтардың бойында өз бастауларының бірлігі сезімін қалыптастыратынын атап өтті", – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.

Алматы – көптеген ерекшеліктері және түрлі өлшемдері бойынша бірегей қала. Ең алдымен, этникалық, мәдени жағынан. Сондықтан қалада ашылған Достық үйі этносаралық диалог, өзара іс-қимыл және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық алаңына айналады. Енді 36 этномәдени бірлестік бір шаңырақ астына жиналады.

Жароков көшесінде орналасқан кең ғимаратта дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау үшін барлық жағдай жасалған. 24 кабинет, конференц-зал, тіл сыныбы, би залы, медиация және қоғамдық келісім кеңесі кабинеттері, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмесі қарастырылған.

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, "Ильдаш" татар гуманитарлық даму орталығының төрайымы Нұрия Ниязова Достық үйінің ашылуы қалалық этномәдени бірлестіктер үшін тарихи сәт болып табылатынын атап өтті.

"Алматыда көптен күткен Достық үйі ашылады. Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында және Тұңғыш Президент күніне орайластырылған. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бүкіл қалалық Ассамблея атынан қалалық этномәдени бірлестіктер үшін осы мерейтойлық сыйлық үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді", – деді Нұрия Ниязова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу