"Алматы қаласы Медеу аудандық полиция бөліміне 23 маусымында 2007 жылы туылған С-ның жоғалып кеткені туралы арыз түскен. Жедел тергеу тобы құрылып, кәмелетке толмаған баланы іздестіру басталған. Кейін қаладағы бау-бақша қоғамдастығының аумағынан зорлық-зомбылық белгілері бар адамның мәйітін табылды", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыс жасады деген күдікпен 2006 жылы туған Р. есімді адам ұсталды. Ол досын жанжалдасып қалғаннан кейін, өлтіргенін мойындады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу