Алматыда дрифт жасаған жүргізуші 5 күнге қамалды

140

Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші 5 күнге қамалды Фото: Бейнежазбадан

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші әлеуметтік желілерде жариялау үшін қала көшелерінің бірінде дрифт жасаған. Полиция қызметкерлері оны анықтап, автокөлікті арнайы айыппұл тұрағына қойды.

– Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Мұндай көрсетілім үшін жасалатын әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу