"Шашын жұлып, күш көрсеткен": Алматыда әйелге қол жұмсаған ер адам іздестіріліп жатыр

300

Полиция бұл фактіге тиісті құқықтық баға беруді қамтамасыз етеді. 

"Шашын жұлып, күш көрсеткен": Алматыда әйелге қол жұмсаған ер адам іздестіріліп жатыр Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы дүкендердің бірінде болған жанжалдың бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Онда ер адамның әйелге күш көрсеткенін көруге болады. Басқа азамат оған араша түскен.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған бейнежазбаға қатысты Әуезов аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Әйелдің жеке басы анықталған. Бұған дейін ол бұл дерек бойынша полицияға жүгінбеген.

– Қазіргі уақытта бейнежазбада көрсетілген ер адамның жүрген жері анықталып жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту мәселесі шешіледі. Полиция бұл фактіге тиісті құқықтық баға беруді қамтамасыз етеді, – деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу