Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз нысан бұзылып жатыр

211

Нысанды бөлшектеу сот шешімі негізінде жүргізілуде.  

Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз нысан бұзылып жатыр Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда Төле би көшесінің оңтүстігінде, Момышұлы көшесінің шығысында орналасқан заңсыз салынған аялдама кешенін бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, қызмет көрсету нысандары орналасқан кешен сот шешімін орындау мақсатында бөлшектеліп жатыр.

Басқарма 2022 жылғы 19 шілдеде рұқсат құжаттары болмағандықтан, нысанды бұзу туралы талап арызды Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотына берген. Іс бойынша ұзаққа созылған сот процестері жүргізілді.

Нәтижесінде Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың нысанды бұзу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Осыдан кейін атқару парағы Әділет департаментіне жолданған.

Қазір нысанды бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу