Алматы қаласындағы Қажымұқан көшесі, 34 мекенжайында орналасқан азық-түлік дүкеніне заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тексеру барысында нысаннан қолданыстағы талаптарға сәйкес келмейтін заңбұзушылықтар анықталған. Осыған байланысты меншік иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Нәтижесінде нысанның заңсыз салынған кіреберіс бөлігін меншік иесі өз еркімен бұзды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу