Алматыда Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне орай жарыс өтті. Оған 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстар әртүрлі жас санаттары арасында бес турдан тұратын рапид форматында ұйымдастырылды. Нәтижесінде сегіз санат бойынша 32 жеңімпаз бен жүлдегер анықталып, оларға марапаттар табысталды.

Бүгінде Алматыда 400-ге жуық бала тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады.
Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық зияткерлік ойынды насихаттау, балалар мен жастардың тоғызқұмалаққа қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушысы – Алматы қаласының Тоғызқұмалақ спорты федерациясы.