Алматыда Джей Лоның концертінде жалған билет сатқан күдікті ұсталды

290

Қазір алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.   

Алматыда Джей Лоның концертінде жалған билет сатқан күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Алматы полициясының киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы 10 тамыз күні өткен Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатты деп күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тергеу барысында күдіктінің интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, концертке жалған 2 билет сатқаны белгілі болды.

– Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан барлық адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз, – деді Алматы қаласы киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу