Алматыда "Е-Архив" жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

352

Өңірлік семинарға бірнеше облыс пен қала архивінің мамандары қатысты.  

Алматыда "Е-Архив" жүйесін енгізу мәселелері талқыланды Фото: archivarius-krasnodar.ru

Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде архив саласы мамандарының біліктілігін арттыруға арналған екі күндік өңірлік семинар өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының архив қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында архив ісі мен құжаттаманы басқаруға қатысты заңнама талаптары және нормативтік-құқықтық актілер түсіндірілді. Сонымен қатар есеп жүргізу тәртібі мен мемлекеттік органдармен өзара жұмыс мәселелері қарастырылды.

Кездесу аясында архив мамандары "Е-Архив" ақпараттық жүйесін енгізу кезеңдерін және оны күнделікті жұмыста қолдану тәжірибесін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу