Алматыда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік мәселелері талқыланады

Іс-шараға ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі Бақыт Сұлтанов, Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары қатысады.  

Алматыда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік мәселелері талқыланады Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі консультативтік комитеттің көшпелі отырысы өтеді.

Іс-шараға қатысушылар мынаы сұрақтарды талқылайды:

  1.  "бестік" елдерінің өндірушілері мен жеткізушілерінің мемлекеттік сатып алуларға тең қолжетімділігі;
  2.  мемлекеттік сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді өзара тану;
  3.  сатып алу процесін толық цифрландыру мақсатында ЕАЭО заңнамасын әзірлеу;
  4.  сатып алудағы ұлттық режимнің жұмыс істеу принциптерін жетілдіру.

Іс-шараға ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі Бақыт Сұлтанов, Армения Республикасы, Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің орынбасары және бизнес өкілдері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу