Алматыда автобуста оқушы қызға шабуыл жасаған егде жастағы ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Аталған факт бойынша Әуезов ауданының Полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Құқық бұзушының кім екені анықталып, ол ұсталды. Фигуранттың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Видео алдымен әлеуметтік желіде тараған. Оқушы қыздың сөзінше, ер адам оны аяғынан теуіп оятқан. Кейін сөзбен тиісіп, соңында оның бетіне соққы жасап, көзілдірігін жұлып алып, сындырып тастаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу