Алматыда екі адам газдан уланып, қайтыс болды

1197

Бұл турады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.  

 Алматыда екі адам газдан уланып, қайтыс болды

"2021 жылғы 16 қаңтарда сағат 17:50-де ТЖ департаментiнiң пультiне Түрксiб ауданы Қайрат ықшам ауданындағы, алдын ала ақпарат бойынша, табиғи газбен  жылытылатын жеке тұрғын үйде  пештiң ақаулығынан (мұржаның ақаулығы) Жедел медициналық жәрдем келгенше 1995 және 1992 жылы туған екi адам қайтыс болды. Мамандар тексеру барысында, темip мұржаның газ қазандығына жалғанған жерi дұрыс бекiтiлмегенiн анықталды. Газ пешiнiң түтiн мұржасында қарапайым бекiткiш болмаған. Нәтижесiнде, бөлмеге жану өнiмдерi мен көмipтегi oксидi жайылған", - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жылыту маусымында газбен улануды болдырмау мақсатында өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ТЖД қызметкерлері, "ҚазТранГаз Аймақ", еріктілер жеке сектордағы үйлерді 100% аралап, 145 мың 471 үй иесіне есерту жасады. 2021 жылдың басынан бастап 21 мыңнан астам үй қайта тексерілді, пеш және газбен жылытуды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді және 300 мыңнан астам жадынамалар таратылды.

 2020 жылдың қазан айында жеке тұрғын үй секторын аралау барысында аталған үйдің тұрғындарымен қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік туралы кеңестер мен жадынамалар табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу