Алматыда екі адам коронавирустан жазылып шықты

737

Қазір олар 14 күндік үй карантинінде.

Алматыда екі адам коронавирустан жазылып шықты

Алматыда аты жаман дерттен екі адам жазылды. Оның бірі 1978 жылы туған ер адам болса, екіншісі – 23 жастағы қыз. Бұл туралы шұғыл штабтың сайтында жарияланды.

Ер адам 23 наурызда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келген, ал бойжеткен 17 наурызда орындалған Цюрих – Стамбұл – Алматы рейсінің жолаушысы.

"Екеуінің де ауру деңгейі жеңіл болды. Қазір олар 14 күндік үй карантинінде",– деп жазылған ақпаратта.

Жалпы еліміз бойынша 63 адам аталған ауруды жеңіп, дертінен айығып шықты. Олардың 28-і Алматыдан.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде жұқпалы дерт жұқтырғандардың саны 802-ге жеткен. Соның ішінде 122 адам Алматыда тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу