Алматыда екі аурухана ғимаратына жарылғыш құрылғылар "орнатылған". Белгісіз біреу полицияға осындай жалған хабарламалар жіберген, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгін полицияға №4 және жедел жәрдем ауруханасына жарылғыш құрылғылар жасырылғаны туралы хабарламалар келіп түсті. Дереу орындарға шұғыл қызметтер жіберілді. Науқастар мен қызметкерлер эвакуацияланды, ғимараттарды саперлер тексерді", – деді сұхбаттасушы.
Ақпарат жалған болып шыққан.
"Медициналық мекемелер штаттық жұмыс режиміне қайта оралды", – дейді полициядан.
ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қаскүнемді іздеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу