Алматыда Төле би-Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, зардап шеккендер көп.
"Төле би - Абылай хан көшелері қиылысының дәл ортасында жан түршігерлік апат болды. Екі автобус соқтығысып, саябаққа кіріп кетті. Жолаушыларға обал болды, зардап шеккендер көп", - деп жазды оқиға куәгері Facebook-те.
Алматы қалалық Мобильділік басқармасының мәліметінше, құзырлы органдар оқиға орнына жеткен, ал жол-көлік апатының себебін полиция қызметкерлері анықтауда.
Алматыда жақында ғана тағы бір қоғамдық көлік жол апатына ұшыраған еді. Ол кезде жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, тұрғын үйге соғылды.