Алматыда екі маршруттық автобус соқтығысып, салдарынан 14 жолаушы зардап шекті, деп жазды inbusiness.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Автобустардың соқтығысуы салдарынан 14 адам зардап шекті, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Ал қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Медеу ауданында Тәтібекова мен Серпер көшелерінің қиылысында болғанын хабарлады
"N4 автобус сол жақ бағытта келе жатқан N203 автобусымен соқтығысқан", – деп жазылған ПД таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу