Алматыда №34, 32 автобустар соғылып, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол апатынан кейінгі көрініс әлеуметтік желіде жарияланды.
Оқыс оқиға Сүлейменов көшесінің бойында таңғы 10:00-де болған.
"36 жастағы №32 маршрут жүргізушісі Сүлейменов көшесімен келе жатып, №34 автобусқа соғылған. Жол апатынан екі автобустан 9 адам, оның ішінде 2 бала жарақат алған. Олар қаладағы ауруханаларға жеткізілді", - деді Алматы ПД баспасөз қызметінен.
Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады.
Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарақат алған 2 бала басының жұмсақ тіндері соққы алған деген диагнозбен амбулаториялық емдеуге жіберілді.