Алматыда екі дәрігер мен ондаған медбикеден коронавирус анықталды

1079

Қалада барлығы КВИ-дың 137 расталған оқиғасы тіркелді. 

Алматыда екі дәрігер мен ондаған медбикеден коронавирус анықталды

"Инфекциялық стационарларда 108 адам жатыр, оның 4-еуі бала.80 науқастың жағдайы қанағаттанарлық.  Ал  жеті адамның жағдайы ауыр, 21 ересек адамның жағдайы - орташа. Бүгінгі тіркелген 14 жағдайдың, 12-сі қалалық стационардың қызметкерлері. Олардың арасында екі дәрігер және 10 медбике бар", – деп жазылған шұғыл штаб хабарламасында.  

Осы ретте екі медицина қызметкерінің жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандары –қанағаттанарлық.

Бүгінгі күні инфекциялық стационарлардан 28 адам емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны екеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу