Алматыда екі қабатты ағаштан салынып жатқан үй толығымен жанып кетті

155

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда екі қабатты ағаштан салынып жатқан үй толығымен жанып кетті Фото: Бейнежазбадан

Медеу ауданында 8 маусымға қараған түні ағаштан салынып жатқан екі қабатты ғимараттан өрт шықты.

– 600 шаршы метр аумақты қамтыған қызыл жалын толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өрт сөндірушілер отқа оранған үйден үш газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды.

Ол ағаштан салынғандықтан, қызыл жалынды ауыздықтау қиындық туғызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу