Түрксіб ауданындағы Гете көшесінде қоймадан екі қап қару мен оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Барлығы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің 20-ға жуық түрі бар: оның ішінде Калашников автоматы, "Штурм" бес рет оқталатын ұңғылы шолақ мылтығы, 9 мм калибрлі газ револьвері, екі граната, әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон. Оларға сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу