Алматыда екі күнде 3 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

194

Алматыда 3-4 тамыз аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 341 дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Алматыда екі күнде 3 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді Фото: dauletten.kz

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, олардың 190-ы жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтар санатына жатады.

Анықталған заңбұзушылықтардың ішінде:

- мас күйде көлік басқарудың – 14;

- көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдардың рөлге отыруының – 3;

- маневр жасау талаптарын бұзудың, оның ішінде қауіпті маневр жасаудың – 158;

- жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көліктерді пайдаланудың – 2;

- қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 115;

- қарсы қозғалыс жолағына шығудың – 13;

- көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданудың – 89 фактісі тіркелген.

Сонымен қатар, екі күн ішінде 122 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу