Алматыда екі күнде карантин шараларын бұзуға қатысты 34 дерек тіркелді

906

Мегаполисте көңіл көтеру мекемелері әлі де жұмыс режимін дұрыс сақтамайды.

Алматыда екі күнде карантин шараларын бұзуға қатысты 34 дерек тіркелді

Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындары мен компьютерлік клубтарға екі күндік тексеру жүргізілді. Жиналған барлық материалдар аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімдеріне жіберілді. Аталған фактілер бойынша әкімшілік айыппұл шаралары қолданылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл басынан бері мониторингтік топтардың 22 600-ден астам нысанды тексергенін, оның 2176-сында карантин талаптарын бұзу жағдайлары анықталған.

Алматы қаласы СЭБД басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, қалада коронавирусқа қатысты ахуал әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Сондықтан әкімдіктердің және полицияның қызметкерлері, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері және еріктілерден құрылған мобильді топтар қала тұрғындары мен қонақтарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің карантин шектеулерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Эпидемиологиялық талаптар дұрыс сақталмайтын нысандарға баса назар аударылуда: көңіл көтеру мекемелері, дәмханалар, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары. Сонымен бірге, "Ashyq" жобасы аясында қызмет етіп жатқан кәсіпкерлік субъектілері де тексерілуде.

"Биыл карантинді жиі бұзған 74 нысанға қатысты мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға материалдар жолданды, 53 жағдай бойынша сот шешімі шығарылды. 37 жағдай бойынша мекемелердің әкімшілігі нысандардың қызметін тоқтата отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Сәдуақас Байғабылов.

Санитарлық дәрігерлердің мәліметтері бойынша 25 мамыр күні карантин шараларының 25 бұзушылығы анықталды, тек 4 жағдай бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді, қалғандары бойынша қатаң шаралар қолдану үшін материалдар жиналды.

Мысалы, сол күні жұмыс режимін "Ashyq" жобасының қатысушысы – Алмалы ауданының "Seven Cyber Sport" компьютерлік клубы бұзған. Ал Әуезов ауданының "Нюк" компьютерлік клубы "Ashyq" жобасының қатысушысы болмағаннан кейін, жұмысына тыйым салынған.

Келесі күні, 26 мамырда Алматының мониторингтік топтары карантин шаралары ескерілмеген 9 жағдайды анықтады. 

Алматы қалалық СЭБД басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов бүгінгі таңда талаптарды орындамаған"Ashyq" бойынша жұмыс істейтін 17 ШОБ субъектісі тіркелгенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу