Алматыда екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

1056

Олардың жағдайы ауыр.

Алматыда екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Алматыда екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

"Сауығып, ауруханадан шығарылғандарға өкпенің жасанды желдету аппараты қажет болған жоқ. Қазіргі кезде аппаратқа екі науқас қосылған. Олардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Екі науқастың CОVID-19 жұқтырғанға дейін қосымша созылмалы аурулары болған", – деді Тілеухан Әбілдаев.

Барлық науқастардың тек екеуі инфекция жұқтырғандармен байланыста болғандар. Жалпы Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 90 адамға жетті. Оның 11-і айығып, үйге шығарылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу