Алматыда екі рет жер сілкінді

936

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.  

Алматыда екі рет жер сілкінді

25 сәуір күні Алматы уақытымен 03 сағат 56 минут 34 секундта және 06 сағат 55 минут 25 секундта екі жерасты дүмпуін тіркеді.

 Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 130 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,5, магнитудасы – 4,5. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балдық деңгейде сезілген.

Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 426 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2, магнитудасы – 4,9. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

Сезілуі туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу