Алматыда екі троллейбустың бағыты уақытша өзгереді

451

Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті.

Алматыда екі троллейбустың бағыты уақытша өзгереді Фото: alatransit.kz

Алматыда жылу желілерін жөндеу жұмыстарынан Гагарин даңғылында жол жабындысының зақымдалуына байланысты 30 маусымнан бастап №1 және №9 троллейбустың бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Гагарин даңғылының Есқараев көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі бөлігінде №1 және №9 маршруттардың сызбасына уақытша өзгеріс енгізілді. Троллейбустар Тимирязев көшесінің батысымен – Розыбақиев көшесінің оңтүстік жағымен – Березовский көшеснің шығыс жағымен – Гагарин даңғылының солтүстік бөлігімен, одан әрі маршрут бойынша жүреді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу