Алматыда екі жаңа автобус паркі мен газ толтыру станциясы салынады

202

Екі нысанның құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Алматыда екі жаңа автобус паркі мен газ толтыру станциясы салынады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күн тәртібінде жаңа автобус парктерін салу, жылжымалы құрамды қажетті сервистік инфрақұрылымен қамтамасыз ету және қосымша автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларын салу мәселелері қаралды.

Автомобильдік ГТКС-мен бірге әрқайсысы 300 автобус сыйымдылығы бар екі автобус паркін салу үшін жер телімдері мен жеке инвесторлар анықталды. Олардың бірі Құлжа трактісінің аумағында, екіншісі – Мөңке би көшесінің солтүстігінде орналасады.

Қала басшысы бейінді басқармаларға жер телімдерін рәсімдеу және инженерлік желілер бойынша техникалық шарттар беру үдерістерін жеделдетуді тапсырды.

Дархан Сатыбалды қазіргі уақытта Алматыда автобустарға жанармай құю және қызмет көрсету инфрақұрылымы жылжымалы құрамның санына сәйкес келмейтінін, сондықтан автобус парктері мен станцияларын салу мәселесі бақылауда болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу