Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Алматының Бостандық ауданында әрқайсысы 500 орындық екі жаңа емхана салынады. Олардың бірі Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысында, екіншісі Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында бой көтереді.
"Екеуінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, мемлекеттік сараптамасын жыл соңына дейін алу жоспарланған", – деді әкім.
Сонымен қатар, №4 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді. Бұған қоса, 500 орындық қалалық орталық клиникалық аурухананың жаңа ғимараты салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II тоқсанында басталады.
Бостандық ауданында 9200 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық 4 балабақша, сонымен бірге, 400 орындық 8 жекеменшік балабақша салу жоспарланған.
"Оның ішінде 3-і "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтереді. Құрылыс 2023 жылдың қыркүйегінде басталады", – деді әкім.